Әлем22 желтоқсан 2023, 13:37

Америка соты 48 жыл түрмеде отырған адамды ақтады

Американың Оклахома штатының соты жасамаған қылмысы үшін 48 жыл түрмеде отырған Глинн Симмонсты ақтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ВВС жаңалықтары жария етті. 

Бастапқыда оған тіпті өлім жазасы кесілген. Бұл – АҚШ-тағы заңсыз соттау нәтижесінде түрмеде отырған ең ұзақ мерзім.

70 жастағы Глинн Симмонс шілде айында аудандық сот оның ісіндегі маңызды дәлелдер (өз уақытында) адвокаттарына берілмеген деген үкім шығарылғаннан кейін босатылды.

Аудандық прокурор дүйсенбіде жаңа сот талқылауына негіз болатын дәлелдер жеткіліксіз екенін айтты. Ал сейсенбіде судья Эми Палумбо Симмонсты кінәлі емес деп жариялады.

АҚШ Оклахома Глинн Симмонс ақталу

Тақырыпқа жаңалықтар