Жеке ұшақ тұрғын үйлерге жақын жерге құлап, тоғыз адам көз жұмды
АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейк-Уэрт-Бич қаласында жеке ұшақ апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Техастан Багам аралдарына бет алған әуе кемесі тұрғын үйлер орналасқан аумақтың маңына құлаған. Мәліметке сәйкес, сол уақытта өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.
Апат алдында экипаж диспетчерге ұшақты мұз басқанын және қатты турбуленттікке тап болғанын жеткізген. Осы хабарламадан кейін бір минутқа жетпейтін уақытта әуе кемесі күрт төмендеп, апат дабылы іске қосылған
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: