Placeholder Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қанша адам көз жұмды
Фото: Анадолы
Anadolïy
Әлем24 қазан 2024, 9:34

Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қанша адам көз жұмды

Түркияның TUSAŞ әуе-ғарыш компаниясының нысанындағы лаңкестік әрекет Түркияның тұрақтылығы мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жетістіктеріне нұқсан келтіруді көздейді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған X әлеуметтік желісінде түріктің TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының нысандарына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы шабуылдан кейінгі алғашқы минуттарда түрік қауіпсіздік күштері шұғыл әрекет етіп, лаңкестерді залалсыздандырғанын атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Түркияға қарай созылған «лас қолдар» бөгеледі. Біздің қауіпсіздігімізге бағытталған бірде-бір құрылым, террористік ұйым немесе зұлымдық ошағы өз мақсатына жете алмайды, – деп жазды Түркия басшысы, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Ердоған Түркияның лаңкестер мен олардың сыбайластарынан келетін қауіптердің барлық түріне қарсы табанды әрі жан-жақты күрес жалғасады деп сендірді.

Түркия Президенті қаза болғандардың рухы шат болуын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Түрік басшысы түрік қорғаныс өнеркәсібінің локомотиві және мақтанышы деп атаған TUSAŞ қызметкерлеріне де қолдау білдірді.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәлімдесінде Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған.

Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Лаңкестердің бірі әйел.

Ведомство басшысы жұртшылықты болған оқиғаға қатысты тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

Түркия астанасының Кахраманқазан ауданындағы TUSAŞ мекемесінде болған лаңкестік әрекет кезінде жарақат алған 14 адамның үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады ішкі істер министрі.

– Лаңкестерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Олардың аты-жөні белгілі болғаннан кейін біз олардың қандай террористік ұйымнан екенін хабарлаймыз, – деді министр.

Йерликая Түркияның түрік халқының бірлігіне қол сұғушылармен күресте табандылығына тоқталды.

Ел Әділет министрі Йылмаз Тунч Анкара Бас прокуратурасының лаңкестік шабуылға қатысты тергеу бастағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда теракт болғаны туралы жазған едік.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты.

Анкара Лаңкестік қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар