Анна Нетребконың Швейцарияда концерті болмайтын болды
Анна Нетребконың Швейцариядағы концерті тоқтатылды. Опера солисі 1 маусымда Люцернде өнер көрсетпек болған, бірақ Мәдениет және конгресс орталығы кантон билігінің шағымдарына байланысты концерттің тоқтатылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Билік Нетребконы қоғам алдында даулы тұлға деп санап, концерт кезінде «тәртіпке қауіп төнуі мүмкін» деп табанды.
Luzerner Zeitung газеті Нетребко концертінің тоқтатылуы 15-16 маусымда Люцерн маңында Украинадағы оқиғалар талқыланатын бейбіт конференция өтетіндіктен орын алғанын жазды.
Нетребконың концерт менеджерлері көңілі қалғанын айтып, Ресейдің Украинаға толыққанды шабуылы басталғаннан бері солист жүзге жуық концерт бергенін атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: