Анталия әуежайына қонған ұшақ өртеніп кетті
Sukhoi Superjet 100 қонған соң, Анталия әуежайында өртеніп кетті. Сочиден Анталияға ұшқан ресейлік «Азимут» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы жерге қонғаннан кейін өртеніп кетті. Федералды әуе көлігі агенттігінің хабарлауынша, өрттен ешкім зардап шекпеген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Baza Telegram арнасының хабарлауынша, ұшақта 89 адам, оның ішінде 9 бала болған. Барлық жолаушылар үрлемелі сырғанақ арқылы эвакуацияланды.
Оқиғаға байланысты Анталия әуежайындағы ұшу-қону жолағы уақытша жабылды.
Ұшақты Azimut Airlines 2017 жылы қабылдады.
Ол орыс-француз бірлескен өндірісінің SaM146 қозғалтқыштарымен жабдықталған, деп түсіндіреді «Азаттық» радиосы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: