ӘлемБүгін, 11:11

АҚШ Израильдің барлау дерегіне сенбеді

АҚШ билігі президент Дональд Трампқа Иран тарапынан қастандық жасалуы мүмкін деген Израильдің барлау мәліметтерін жеткілікті сенімді деп санамайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal хабарлады.

Басылымның жазуынша, Ақ үйдегі кейбір лауазымды тұлғалар Израиль бұл ақпаратты Вашингтонды Иранға қарсы ауқымды әскери іс-қимылдарды қайта бастауға көндіру үшін пайдалануы мүмкін деп есептейді.

WSJ мәліметіне сәйкес, Дональд Трамп әзірге Иранмен байланысты шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге басымдық беріп отыр. Ал Израиль, керісінше, Иранға қарсы жаңа әскери операцияларға дайын болуды қолдайды.

Сонымен қатар ықтимал қастандық туралы мәліметтен кейін АҚШ президентінің қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Газет дерегінше, НАТО саммитінен кейін Трамп Қатар сыйлаған жаңа ұшақтың орнына бұрыннан қолданылып келе жатқан Air Force One ұшағымен ұшқан.

барлау АҚШ трамп Қызмет
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар