Алматыда тұрғын үйден пулемет, граната және бірнеше автомат табылды
Полицейлер үйді тексеру кезінде бұдан басқа бірнеше тапанша, шашкалар, қылыш, пышақ және ондаған гильза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үй иесінің айтуынша, ол бұл заттарды интернеттен және қала базарларының бірінен сатып алған.
Алайда сараптама олардың бәрі жай макет емес екенін анықтады. Коллекция арасынан нағыз винтовка, атуға жарамды оқ-дәрілер мен суық қару табылған.
Қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: