Трамп АҚШ банкротқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік қарыздың жоғарғы шегі қайта қаралмаса, ел банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол қарыз алу лимитін заң жүзінде белгілеу тәртібін мүлдем жоюды ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Егер бұл мәселені шешпесек, ел банкротқа ұшырайды. Бұған дейін мұндай жағдай болған емес», – деді Трамп.
The New York Times мәліметінше, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы биыл тамызда алғаш рет 40 триллион доллардан асқан. Ал қарыз алу лимиті 41,1 триллион долларды құрайды. Бұл шекке 2027 жылдың ақпан-наурыз айларында жетуі мүмкін.
Егер АҚШ Қаржы министрлігі төтенше шаралар арқылы міндеттемелерін орындай алмаса, ел тамыз айында дефолт қаупіне тап болуы ықтимал.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: