Әлем22 желтоқсан 2023, 13:33

АҚШ пен ҚХР әскер басшылары бір жылда бірінші рет келіссөз жүргізді

Пентагон мен ҚХАА қорғаныс саласындағы серіктестікті талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл – екі елдің әскери ведомстволары арасындағы байланысты қалпына келтіру жоспарланғалы болған бір жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы кездесу, деп хабарлады «Голос Америки» басылымы. 

Бейсенбі күні жоғары шенді америкалық әскербасы қытайлық әріптесімен виртуал кездесу өткізді, деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігі.

Бейнеконференция өткен айда президент Джо Байден мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасында болған әскери министрліктердің байланысын қалпына келтіру туралы келісім нәтижесінде болып отыр. Екі ел байланысы 2022 жылғы тамызда Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін үзілгенін еске сала кетейік.

АҚШ ӘӘК генералы, Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы Чарльз Браун мен Қытай халық-азаттық армиясы (ҚХАА) генералы Лю Чжэньли келіссөз кезінде «жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін» талқылады, деп хабарлады Браун кеңсесі.

Лю – Орталық әскери комиссия біріккен штабы, әскери операцияларға және әскери жоспарлауға жауапты қытайлық орган басшысы.

Пентагон өкілдері екі ел әскерінің байланысы жанжалға айналып кетуі мүмкін оқиғалардың алдын алатынын атап өтті.

«Генерал Браун бәсекелестікті басқару, қателікті болдырмау және ашық, тікелей байланыс желілерін сақтап тұру үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңызын талқылады», - деп хабарлады Браун кеңсесі.

Браун өткен айда Лю мырзаға хат жолдап, кездесуге дайын екенін хабарлағанын айтты.

Қытай қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі бойынша, Лю АҚШ пен Қытай арасындағы сау, тұрақты және берік қарым-қатынас кілті «Қытайды дұрыс түсіну» екенін мәлім еткен.

АҚШ ресми өкілдері әскери коммуникация қалпына келтірілді дегенмен, шынында екі тараптың толық диалогқа келуіне біраз уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескертті.

Қытай АҚШ Келіссөз

Тақырыпқа жаңалықтар