АҚШ Ресеймен байланысы бар 400-ге жуық компанияға санкция салды
АҚШ Ресей Федерациясымен байланысы бар 400-ге жуық компания мен жеке тұлғаларға қарсы санкция салды. Санкцияға ұшыраған ұйымдар мен жеке тұлғалар Ресейге шектеулерді айналып өтуге және Украинаға қарсы соғыста пайдаланылған тауарлар мен қызмет жеткізуге көмектеседі, делінген АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз хабарламасында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Вашингтон, атап айтқанда, Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусовтың ұлы мен келініне, Мәскеу зергерлік зауытына, Магнитогорск темір-металлургиялық комбинатына, сондай-ақ сұйытылған табиғи газды тасымалдағаны үшін кемелерге қатысты жазалар енгізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: