Әлем2 мамыр 2024, 21:42

АҚШ-та украиндық хакер 13 жылға бас бостандығынан айырылды

АҚШ-та украиндық хакер 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны әйгілі REvil хакерлер тобының кибершабуылдары бойынша кінәлі деп тапты. Түрме мерзімінен бөлек, оған 16 миллион доллар айыппұл салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сотталушы 2021 жылы Польшада төлемдік бағдарлама шабуылдарын жүзеге асыратын хакерлер топтарына қарсы жаһандық операция аясында ұсталған.

2022 жылы ол АҚШ-қа экстрадицияланды. Бас прокурордың орынбасары Николь Аргентиеридің айтуынша, сотталушы мен оның сыбайластары бүкіл әлем бойынша мыңдаған компьютерлерді бұзып, оларды төлемдік бағдарламамен шифрлаған, содан кейін 700 миллион доллардан астам төлем талап еткен.

Олар төлемді төлеуден бас тартса, құрбандарының деректерін жариялаймыз деп қорқытты.

АҚШ украиндық хакер сот
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар