ӘлемБүгін, 15:48

АҚШ-та жүк таситын ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 12-ге жетті

АҚШ-тың Кентукки штатының Луисвилл қаласында UPS компаниясына тиесілі MD-11 жүк ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады. Салдарынан бірнеше ғимарат өртенген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, 34 жыл бұрын шығарылған ұшақ Гонолулуға бағыт алған. Апат кезінде ұшақта шамамен 38 мың галлон (144 мың литр) жанармай болған. Луисвилл әуежайындағы UPS Worldport орталығы уақытша жабылды.

Оқиға кезінде жердегі адамдар да зардап шеккен. UPS логистикалық компаниясына тиесілі әуе кемесі Кентукки штатындағы Луисвилл әуежайынан ұшып шыққан сәтте құлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақтың сол жақ қозғалтқышы қанатынан бөлініп кетіп, өрт тұтанған.

Үш қозғалтқышы бар ұшақтың қалған екеуі неліктен істемей қалғаны әзірге белгісіз. Қазір бұл жайттың нақты себебін тергеушілер анықтап жатыр.

АҚШ Ұшақ Апат адам қазасы

Тақырыпқа жаңалықтар