АҚШ: Украина Ресей аумағына шабуыл жасауды өзі шеше алады
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, Украина Ресей аумағына Батыс қаруымен шабуыл жасауды өзі шеше алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Украина бұл соғысты қалай жүргізу керектігін дербес шешуі керек, өйткені бұл қорғаныс соғысы», - деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевте Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, Блинкен Вашингтон Украина қарулы күштерінің Ресей аумағына Батыс қаруларымен шабуылдарын ынталандырмайтынын, бірақ Украинаны ұрыс даласында қажетті барлық құралдармен қамтамасыз ететінін айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: