ӘлемКеше, 15:40

АҚШ Венесуэла президенті ұсталғанын мәлімдеді

АҚШ Мадуро мен оның әйеліне «наркотерроризм» жасады деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Венесуэла президенті Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден шығарылды. Бұл туралы Дональд Трамп хабарлады.

Ақ үй басшысы Венесуэладағы ірі операция сәтті жүзеге асқанын мәлімдеді. АҚШ бірнеше әскери нысанға әуеден соққы жасады.

Олар жақында Нью-Йорк сотының алдында жауап береді, деп хабарлады АҚШ бас прокуроры Бонди.

Айта кетері, бүгін АҚШ Венесуэла астанасына соққы жасады.

Мәліметке сәйкес, ел астанасы Каракаста жеті жарылыс болған. Соққы Ла-Карлота әуе базасы мен Фуэрте-Тьюна әскери базасына жасалған. Соққылар Венесуэланың қорғаныс министрінің үйіне және ел астанасындағы портқа да тиген.

Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін жариялады. Десе де ол кейін мүлде хабарсыз кетті. Жергілікті БАҚ бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің қаза табуы мүмкін екенін жазып жатыр.

Колумбия президенті Густаво Петроның айтуынша, Венесуэла парламентінің ғимаратына да соққы жасалған.

 

АҚШ Президент ұсталды мадуро

Тақырыпқа жаңалықтар