4 қыркүйек 2024
/ Мир
Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды
Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды. Венесуэла билеушісі мұндай жарлықтың жарияланғаны туралы ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде айтты. Николас Мадуро бұл шешімді ел халқына құрмет пен алғыстың белгісі ретінде қабылдағанын айтып, Рождество атмосферасы қазірдің өзінде сезіліп тұр деген пікірін білдірді. Оның айтуынша, Рождествоның атрибуты – бейбітшілік, бақыт және қауіпсіздік.