Берлиналенің бірінші күні: қазылар алқасында Путиннің жанкүйері бар ма?
2024 жылы Берлинале кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихатында DW тілшісі қазылар алқасының мүшесі испандық режиссер және сценарист Альберт Серраға Colta сайтына 2018 жылы берген сұхбаты туралы еске салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Онда ол Путинді ұнататынын мойындап, ЕО-ның ыдырауын жақтап, тіпті ресейлік барлауға жұмыс істегісі келетінін де айтқан.
Содан бері оның сенімі өзгерді ме деген сұраққа Серра жақтырмаған кейпімен, бұл «саяси сұрақ», «соғыспен бәрі өзгерді және Ресей барлығын ренжітіп жатыр», бірақ «оның мәнмәтініне қарау керек» және «шын мәніндегі саясат әлдеқайда қиын» деп жауап берді.
Журналистер мен қазылар алқасының мүшелері Серраның сұхбаты туралы естігенде және оның «бәрі оңай емес» деген жауабын естігенде қатты таң қалды.
"Жақсы жаңалық та бар.
Кеше кешкі ас үстінде "Альберт менің Украинадағы соғыс туралы жаңа кітабымды сатып алды, сондықтан ол осы тақырыпта аздап сауатын ашатын болады деген үміт бар", - деп, оның сөздерін жуып-шайған болды қазылар алқасындағы украин жазушысы Оксана Забужко.
Берлиналенің ашылу баспасөз мәслихатында, әрине, кинофестивальге «Германияға балама» депутаттарын шақыру тақырыбы талқыланды, сонымен қатар, шара барысында Ресей Украинаны атқылап жатқан сәтте кенеттен әуе шабуылы туралы дабыл естілді.