Әлем25 желтоқсан 2023, 14:00

Бес миллионға жуық ресейлік шетелге шыға алмай жүр

5 миллионға жуық ресейлік қарызына байланысты шетелге шыға алмайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ресей Федерациясынан шығу құқығына уақытша шектеулер 4,9 миллионнан астам борышкерге қатысты», - деп хабарлады ТАСС агенттігіне Ресей Федерациясының Федералдық сот орындаушылар қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылы Жаңа жыл алдында 1,8 миллион ресейлік қарызға байланысты шетелге шыға алмай қалған.

2018 жылы – 3 млн, 2020 жылы – 4,1 млн.

2022 жылдың желтоқсанында рекордтық 8 миллион борышкерге саяхатқа шектеу қойылды.

ресейліктер Қарыз Шетел

Тақырыпқа жаңалықтар