Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды
freepik.com
freepik.com
Әлем14 қараша 2024, 9:00

Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды

Түркияның батысындағы Измир провинциясының Селчук уезінде жеке үйде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты. Жеке үйдегі электрлі пештен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер қайтыс болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен дәрігерлер бір бөлмеден үш баланың денесін тапқан, олар көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал қалған екеуі бірдей белгілермен ауруханаға жатқызылған, бірақ дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған деп хабарлайды Egemen.kz Habertürk телеарнасына сілтеме жасап.

Қаза тапқан бүлдіршіндердің ең кішісі бір жаста, үлкені бесте.

түркия бес лала Өрт өлім

Тақырыпқа жаңалықтар