Тоқаев Мәскеуге іссапармен барады
Тоқаев Мәскеуге барады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп хабарлайды Arbat.Media.
25-26 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: