Әлем19 қараша 2023, 9:30

БҰҰ соты Бакуді Қарабақ босқындарының оралуына рұқсат беруге міндеттеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының соты Бакуге Қарабақтан келген босқындардың елге оралуына рұқсат беруге міндеттеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Халықаралық сот Баку Таулы Қарабақтан қашып, қайтып оралғысы келгендердің «қауіпсіз, кедергісіз және жылдам» оралуын, сондай-ақ аймақта қалған және одан кеткісі келетіндердің кетуін қамтамасыз етуі керек деп шешті.

Әзірбайжанның әскери операциясынан кейін екі апта ішінде армян халқының барлығы дерлік – 100 мыңнан астам адам Таулы Қарабақтан кетіп қалған.

Әзербайжан аймақта қалған адамдардың зорлық-зомбылық пен қорқытуға ұшырамауын қамтамасыз етуі керек, деп атап өтті сот.

Баку сегіз апта ішінде халықты қорғау шаралары туралы есеп беруге міндетті.

БҰҰ баку Таулы Қарабақ босқындар
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар