Әлем14 сәуір 2024, 5:21

ЦАХАЛ: Иран Израильге ұшқышсыз ұшақтар ұшырды

Иран Израильге ұшқышсыз ұшақтар ұшырды. Израиль армиясының ресми Telegram-каналында жарияланған хабарламаға сәйкес, елдің әуе қорғаныс күштері жоғары дайындық режиміне өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

ЦАХАЛ «барлық нысаналарды қадағалап отыр».

Израиль әскерилері мұның «біраз уақыт бұрын» болғанын атап өтіп, ұшқышсыз ұшақтардың санын немесе ұшырылатын нақты уақытты көрсетпеді.

Бұл ретте израильдік 12 арнасы ондаған ұшқышсыз ұшақтар туралы хабарлады.

Бұған дейін БАҚ ирандық ұшқышсыз ұшақтар ертерек атып түсірілмесе, Израильге бірнеше сағатта жетуі мүмкін деп жазған болатын.

ұшқышсыз ұшақтар Иран Израиль

Тақырыпқа жаңалықтар