Әлем12 наурыз 2024, 8:43

CNN: Ресей Батыс Украинаға жеткізе алатын снарядтардан үш есе көп шығарады

CNN жазуынша, Ресей Батыс Украинаға жеткізе алатын снарядтардан үш есе көп шығарады. Ресей айына шамамен 250 000 артиллериялық снаряд шығарады және жылына шамамен 3 млн. Өз кезегінде, АҚШ пен Еуроодақ бірлесіп Украинаға жөнелту үшін жылына шамамен 1,2 миллион оқ-дәрі шығаруға қауқарлы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы CNN НАТО барлау қызметіне сілтеме жасап жариялады.

Қару-жарақ тапшылығы Украинадағы соғыс басталғалы бері ең қызған ұрыс кезінде орын алып отыр.

Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешендері толық қуатында жұмыс істеуде.

НАТО барлау қызметінің мәліметінше, қорғаныс саласында шамамен 3,5 миллион ресейлік жұмыс істейді - бұл Ресейдің Украинаға басып кіруіне дейінгіден миллион адамға көп.

Бұл арада Батыс енді ғана қару-жарақ өндірісін ұлғайта бастады: АҚШ үш штатта снаряд өндірісін кеңейтті, Германия жаңа қару-жарақ зауытының құрылысын бастады.

Снаряд Өндіріс Ресей Украина

Тақырыпқа жаңалықтар