Дания Украинаға 100 миллион еуродан асатын әскери көмек көрсетеді
Mads Claus Rasmussen/Ritzau Scanpix/IMAGO
Mads Claus Rasmussen
Әлем20 тамыз 2024, 18:00

Дания Украинаға 100 миллион еуродан асатын әскери көмек көрсетеді

Дания Украинаға 100 миллион еуродан асатын әскери көмек көрсетеді. Бұл туралы Данияның қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұған дейін елдің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Украинаның Ресей аумағына соққы беру үшін Дания қаруын қолдануға құқығы бар екенін айтқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өзін-өзі қорғау агрессордың аумағына басып кіруді қамтуы мүмкін», - деді ол.

- Шабуылдаушы тараптың инфрақұрылымына немесе әскери нысандарына соққы беру толығымен соғыс ережелеріне жатады.

Қаруды тек Украина аумағында қолдануға болатын шектеуді орнату мүмкін емес».

Дания Украинаға көмек 100 миллион еуро

Тақырыпқа жаңалықтар