Кәсіпкер қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 25 млн теңгеден беріледі
Қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің әрқайсысының отбасына 25 млн теңгеден берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның айтуынша, қаражатты Integra Construction KZ компаниясы аударады. Кәсіпкер бұл көмек мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға қосымша берілетінін атап өтті.
«Әрине, ешқандай ақша ата-анаға баласын қайтара алмайды. Бірақ осындай сәтте бірде-бір отбасы қайғысымен жалғыз қалмауы керек. Мұндай қиын кезеңдерде еліміз әрдайым бірлігін көрсете білді», – деп жазды Шахмұрат Мүтәліп.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болып, әскери қызметшілер қаза тапқан еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: