Дональд Трамп түрмеге жабылса, АҚШ президенті бола ала ма?
Трамп түрмеге жабылса, АҚШ президенті бола ала ма? 15 сәуірде ел тарихында алғаш рет АҚШ-тың экс-президенті қылмыстық іс бойынша сотқа келді. Дональд Трампқа 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде қаражатты заңсыз жұмсады деген айып тағылды. Тергеушілердің айтуынша, Трамп онымен жыныстық қатынасқа түскенін айтып, оны әшкерелеймін деп қорқытқан бұрынғы порноактрисаға 130 мың доллар төлеу фактісін жасыруға тырысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл Трамп айыпталушы болып табылатын алдағы төрт қылмыстық соттың біріншісі.
Қалғандары оның Джорджия штатындағы 2020 жылғы президент сайлауының нәтижелеріне ықпал ету әрекетіне қатысты.
Трамп сотталған болса, президенттікке үміткер бола ала ма?
Иә, өйткені АҚШ Конституциясы бұған тыйым салмайды. Егер Трамп түрмеге жабылса, ол «қамауда болуы оның президент ретіндегі конституциялық міндеттеріне кедергі келтіреді» деген сылтаумен босатылуы үшін сотқа жүгінуі мүмкін», - деді саяси шолушы Мэгги Астор.
Ол, сондай-ақ, түрмедегі жазасын қысқартып, тіпті толық кешірім алуға тырысуы мүмкін.
Бірақ АҚШ тарихында мұндай ештеңе болған емес және бәрі қалай болатыны әлі белгісіз.