Дума депутаттары англицизмге қарсы күресті бастады
Мемлекеттік думаның депутаттары англицизмдерге қарсы күресті бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Единая Россия» партиясының депутаттары Хинштейн, Ямпольская және басқалары тіркелген тауар белгісін қоспағанда, fresh, sale, shop, open және т.б. сөздерді қолдануға тыйым салатын заң жобасын енгізді.
Сондай-ақ түбірі шетелдік сөзден тұратын қала, аудан, көшеле, тұрғын үй кешендерін, кварталдарды және т.б. атауға тыйым салды.
«Заң шығару бастамасының негізгі мақсаты <...> орыс тілін қорғау және бүкіл Ресейде, ең алдымен, қоғамдық кеңістікте англицизмдер мен шетел сөздерінің қолданылуын айтарлықтай шектеу», - делінген түсіндірме жазбада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: