Әлем10 қазан 2023, 17:00

DW: Хамас дегеніміз не және оны кім қолдайды?

Немістің DW арнасы  "Хамас дегеніміз не және оны кім қолдайды?" деген атпен ауқымды материал шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталмыш материалды қысқаша аударып беруді жөн көрдік. 

🔹Хамасты ЕО, Германия, Израиль, Канада, АҚШ, Жапония және басқа да бірқатар елдер "террористік ұйым" деп таниды. Австралия мен Ұлыбритания тек ХАМАС-тың әскери қанатын лаңкестік деп таныды.

🔹Ресей де ХАМАС-ты террористік ұйым қатарына жатқызбайды және оны келіссөздердің заңды серіктесі деп санайды. ХАМАС жетекшілері Ресей президентінің шақыруымен Мәскеуге бірнеше рет барған болатын.

🔹Қозғалыс 1987 жылы мысырлық «Мұсылман бауырлар» ұйымы мен Палестина исламдық жиһадының Газа секторындағы бөлімшелері негізінде құрылған.

🔹ХАМАС о бастан Израиль мемлекетінің бар екенін мойындамай, оны жоюға және оның аумағында исламдық Палестина мемлекетін құруға шақырды.

🔹ХАМАС-тың елтаңбасында Иерусалимдегі ғибадатхана тауындағы Жартас күмбезінің аясында және Палестина туларымен қоршалған екі айқасқан қылыш бейнеленген, ал жоғарғы жағында Израиль территориясы салынған Палестина мемлекетінің сұлбасы бейнеленген.

🔹2004 жылы Ясир Арафат қайтыс болғаннан кейін ХАМАС 2006 жылы ақпанда Палестина заң шығарушы кеңесіне сайлауда көп дауысқа ие болып, Палестина билігінің саяси өміріне белсенді түрде қатыса бастады. 2007 жылы Газа секторында ФАТХ-пен қарулы қақтығыс нәтижесінде ХАМАС аймақтағы билікті толығымен басып алды.

🔹Хамастың ең маңызды донорлары мен шетелдік одақтастарының бірі – Катар. Хамастың тағы бір маңызды одақтасы – Түркия. Хамасты әртүрлі елдерде, соның ішінде Германияда үкіметтік емес ондаған ықыластылар да қолдайды.

ХАМАС қолдаушылар Мұсылман бауырлар террористік ұйым

Тақырыпқа жаңалықтар