Жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті
Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-ден астам маман жұмылдырылған. Бұл туралы елдің билігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Virgo Transport 8 кемесі 13 қыркүйекте Сурабая қаласынан Оңтүстік Калимантан провинциясындағы Банджармасинге қарай жолға шыққан. Бортта барлығы 243 адам — 213 жолаушы мен 30 экипаж мүшесі болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, кеме қатты ауа райына тап болған. Теңіздегі толқын биіктігі үш метрге дейін жеткен. Осыдан кейін кеме байланыстан үзіліп, кейін аударылғаны анықталған.
Соңғы мәлімет бойынша, 108 адам құтқарылып, алты адамның қаза тапқаны расталды. 129 адам әлі іздестіріліп жатыр.
Құтқару жұмыстарына 600-ден астам маман, 17 кеме және бес тікұшақ тартылған. Алайда теңіздегі қатты жел мен биік толқын іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.