Индонезиядағы жоғалған паром табылды: Адамдар іздестіріліп жатыр
Ява теңізінде жоғалған паром 30 метр тереңдіктен табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Индонезияның Ұлттық іздестіру-құтқару агенттігі паромды таяз суға сүйреп шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Ал Индонезия Әскери-теңіз күштері кемені теңіз түбінде қалдыруды ұсынған. Әскерилердің пікірінше, егер кеме тұрақты қалпын сақтаса, оны орнынан қозғамаған жөн.
Құтқарушылардың айтуынша, басты міндет – су бетіндегі адамдарды іздеу.
Еске салайық, бұған дейін Ява теңізінде бортында 240 жолаушысы бар паром жоғалып кеткен еді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, алты адам қаза тауып, 130 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: