Әлем7 мамыр 2024, 16:00

Джеффрис: Украина жеңілсе, АҚШ соғысқа араласуға мәжбүр болады

Украина жеңілсе, АҚШ тек ақшамен ғана көмек беріп қоймай, сонымен бірге соғысқа араласуға да мәжбүр болады деді Демократтар көшбасшысы Хаким Джеффрис, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біз Украинаның құлауына жол бере алмаймыз, өйткені бұл орын алса, АҚШ-тың қақтығысқа біздің ақшамызбен ғана емес, сарбаздарымызбен де араласуымыз әбден мүмкін», - деді Демократтар көшбасшысы CBS News-ке берген сұхбатында. 

Оның пікірінше, Владимир Путин КСРО-ны қалпына келтіруді көздеп отыр және егер ол Украинада сәтті болса, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына қауіп төндіреді.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға құрлық әскерлерін орналастыру мүмкіндігін мәлімдеген болатын.

Хаким Джеффрис Украинаға көмек соғысқа араласу

Тақырыпқа жаңалықтар