Әлем30 мамыр 2024, 20:19

Джон Леннонның гитарасы аукционда рекорд бағаға сатылды

Ұлыбританиялық танымал The Beatles тобының мүшесі, музыкант, композитор Джон Леннонның 50 жылдан кейін шатырдан табылған әйгілі гитарасы аукционда рекордтық бағаға сатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Euronews жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Нью-Йорктегі Hard Rock кафесіндегі аукционның бірінші күнінде 12 ішекті акустикалық гитара рекордтық 2,9 миллион долларға (2,68 миллион еуро) бағаланды. Осылайша ол аукционда сатылған The Beatles квартетінің ең қымбат гитарасына айналды.

Джон Леннон гитара аукцион Рекорд

Тақырыпқа жаңалықтар