Әлем•Бүгін, 13:28

Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне бармайды

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев 30 қазанда Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатыспайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Report агенттігінің мәліметінше, бұған оның алдын ала жоспарланған кездесулері мен тығыз жұмыс кестесі себеп болған. Әзербайжан атынан жиынға сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов барады.

Саммит барысында Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық Әзербайжаннан Түркияға өтеді. Қатысушылар сауда, көлік, энергетика және цифрлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Анкара декларациясын қабылдауды жоспарлап отыр.

Әлиевтің саммитке бармайтыны туралы ақпарат Анкара мен Баку арасындағы келіспеушілік күшейген тұста жарияланды. Бұған Әзербайжан мектептерінде хиджаб киюге қатысты шектеулер себеп болған. Түркия тарапы бұл мәселені қайта қарауға шақырса, Әзербайжанның билік партиясы Анкараның мәлімдемесін «жауапсыздық» деп бағалаған.

Дау қыркүйек айында мектеп формасына қатысты ережелер өзгергеннен кейін басталды. Құжатта хиджабқа тікелей тыйым салынбағанымен, кейбір мектептер орамал таққан оқушыларды сабаққа кіргізбеген. Бұл жағдай наразылыққа ұласып, Әзербайжан ІІМ 37 адамның ұсталғанын хабарлады.

Әзірбайжан Президент Ақпарат декларация

Тақырыпқа жаңалықтар