2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді?
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік беру тетігі өзгереді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекет БЖЗҚ-ға нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.
Қазір азамат зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған кезде енгізілген жарналар мен жинақ көлемі инфляцияны ескере отырып салыстырылады. Егер айырмашылық болса, ол республикалық бюджет есебінен өтеледі.
2027 жылдан бастап бұл тәртіп өзгереді. Бұған салымшылардың зейнетақы активтерін басқарушы компания мен инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау мүмкіндігінің кеңеюі себеп болып отыр
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: