ЕО ресейлік насихатшыларға қарсы санкция енгізді
Еуропалық Одақ кеңесі өз елдерінде Ресейдің үгіт-насихатын тарататын және қолдайтын және Украинаға қарсы әскери агрессияны қолдайтын тағы төрт бұқаралық ақпарат құралының: Voice of Europe, «РИА Новости», «Известия» және «Российская газета» басылымдарына өз елінде хабар таратуға тыйым салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Чехияда Voice of Europe сайты арқылы жұмыс істейтін ресейшіл ықпал желісі анықталды.
Тергеушілердің айтуынша, ресейшіл сайттың көмегімен Еуропадағы Украинаны қолдауға нұқсан келтіріп, Еуропарламент сайлауына ықпал етуге тырысқан бұл сайтпен Путиннің құдай әкесі Виктор Медведчук байланысты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: