Әлем22 қараша 2023, 14:00

ЕО жылына 1 миллион артиллериялық снаряд шығара алады

Еуропалық Одақ жылына 1 миллион артиллериялық снаряд шығара алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көктемде Еуропалық Одақтың қорғаныс кәсіпорындары жылына 1 миллион артиллериялық снаряд өндіру көлеміне жетеді. Бұл туралы Еуропалық ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретон мәлімдеді, деп хабарлайды DW тілшісі Брюссельден. Бретон ЕО-ның 15 еліндегі әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын аралады.

Келісімшарттар бойынша өнімнің 40 пайызы Еуропадан тыс жерлерге экспортталады. Еуропалық Одақ Киевке 2024 жылдың наурызына дейін миллиондаған оқ-дәрі жіберу жөніндегі өз міндеттемелерін орындауы үшін Украинаға жеткізілімге басымдық берілуі керек, деп атап өтті Бретон.

Еуроодақ Снаряд Өндіріс

Тақырыпқа жаңалықтар