Әлем8 қаңтар 2024, 1:52

Есірткі және Илон Маск: Tesla және SpaceX топ-менеджерлері Маскке алаңдайды

The Wall Street Journal жазуынша, Tesla және Space директорлар кеңесінің мүшелері Илон Масктың LSD, кокаин, экстази, саңырауқұлақ, кетамин және басқа да заңсыз заттарды пайдаланатынына алаңдаулы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Америкалық басылым миллиардер есірткі пайдаланған кештерге қатысқан адамдардың мәлімдемелеріне сілтеме жасайды. Мұндай іс-шараларда қонақтар ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойып, телефондарын тапсырады, деп жазады WSJ. Басылым ресми дәлел келтірмейді.

2018 жылы Маск Джо Роганмен подкаст жазу кезінде марихуананы көпшілік алдында шегіп отырды. Ол сонымен қатар психоделикалы кетаминді медициналық мақсатта қолданғанын мойындаған.

Тыйым салынған заттарды пайдалану SpaceX және Tesla компанияларының ішкі саясатына қайшы келеді және NASA-мен келісімшарттарға қауіп төндіруі мүмкін, деп жазады басылым.

Илон Маск Есірткі кетамин кокаин

Тақырыпқа жаңалықтар