Қарағандыда онлайн-казино үшін дроп-шоттар арқылы 415 млн теңге шығарылған

ҚМА хабарлауынша, «Vavada» интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыруды ұйымдастырған дроп-шоттарды басқарушы топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу дерегінше, 2026 жылғы қаңтарда осы схеманы ұйымдастырушылар интернет-казино өкілдерімен жұмыс істеген: топ мүшелерінің бірі оның жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырған. Қарағандыда жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.

Схемаға барлығы 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген.

Екі күдікті үйқамақта отыр. Сот санкциясымен олардың мүлкіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

интернет-казино ойыншы схема Дроп-шот

Тақырыпқа жаңалықтар