Еуропарламент депутатына шабуыл жасалды
Германияның Дрезден қаласында жұма күні кешкісін Еуропалық парламенттің мүшесі Маттиас Эккеге шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
41 жастағы Маттиас Экке социалистер партиясының Еуропалық парламенттегі мүшесі. Ол 4 жас жігіттің шабуылынан соң ауыр жарақат алды және операцияны қажет етеді.
Германияның социал-демократиялық партиясы М.Эккеге шабуыл үшін ультраоңшыл топтарды айыптап отыр.
Еуропалық парламент төрағасы Роберта Метсола аюандықпен жасалған шабуылды айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.
«Маттиас, Еуропалық парламент сізді қолдайды»,-деп жазды ол «X» әлеуметтік желісінде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: