ӘлемБүгін, 14:20

Филиппинде нөсер жауыннан лай көшіп, 10 адам қаза тапты

Филиппин аралдарының Багуио қаласында лай көшіп, үйлерді басып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, үш тұрғын құтқарылды.

Оқиға ел астанасы Маниланың солтүстігіндегі таулы ауданда болған.

Апатқа бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, еріктілер мен құтқарушылар адамдарды екі күн бойы іздестірді. Ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Кордильера өңірінде су тасып, көптеген үйге зақым келген.

Филиппин Манила Багуио Құтқарушылар

Тақырыпқа жаңалықтар