Германияда команда жалаңаш түрде футбол ойнады
Германияда команда жалаңаш түрде футбол ойнады. Германияның «Жалаңаш команда» (немісше. NACKTionalmannschaft) және Pottoriginale All Stars клубтары жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
NACKTionalmannschaft ойыншылары «футболдың шамадан тыс коммерциялануына» наразылық білдіру үшін алаңға жалаңаш, киімсіз шықты.
Олар мұндай шараны алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырған болатын.
Pottoriginale All Stars құрамында гельзенкирхендік әйгілі «Шальке» жанкүйері Мохаммед ойнады.
Ол сыра толған күрешкені басына ұстай алатын қабілетімен танымал.
NACKTionalmannschaft-қа қарсы кездесуде ол да басына бір стақан сыра алып, алаңға шықты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: