Илон Маск Освенцимге келді
Тesla бас директоры Илон Маск бұрынғы неміс концлагері Освенцим-Биркенау орнындағы мемориалға барды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Масктың Освенцимге сапары бастапқыда сейсенбіге жоспарланған болатын, бірақ ол бүгін келді.
Сонымен қатар, америкалық миллиардер Краковта Еуропалық еврей қауымдастығы ұйымдастыратын конференцияда антисемитизмді талқыламақшы.
Өткен қарашада Илон Маск еврейлердің ақ адамдарға деген «диалектикалық өшпенділігі» туралы жазбамен келіскені үшін сынға ұшыраған еді.
Кәсіпкердің өзі «адамзатқа тек жақсылықты - барлығына гүлденген және қызықты болашақ тілеймін» деп жауап берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: