Instagram-да бес жаңа функция пайда болды
Instagram қосымшасы желіні пайдалануды жеңілдету үшін қызметтік функцияларына жаңа 5 батырма қосты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әлі көпшілік көріп үлгермеген функцияларды қолдануды yeldos.technoblog парақшасында түсіндіріп берді.
Instagram қосымшасында пайда болған 5 жаңа функция:
1.Постты сториске репост жасаған кезде артына өзіңізге ұнайтын фон қою үшін «слой» батырмасы пайда болды;
2. Пост болып салынған фото, видеоның астындағы комментарийді стористе бөлісу функциясы;
3. Парақшаңызға пост салғанда сипаттамасында «Опрос» батырмасын пайдаланып, сауалнама жүргізе аласыз;
4. Досыңыздың карусель постына өзіңіздің фото-видеоңызды қоса аласыз. Ол үшін желідегі досыңыз «запрос» батырмасын қабылдаса жеткілікті;
5. Постыңыздың астында жазылған кез келген комментарийді сториске шығарып, бөлісе аласыз.
Видео авторы сіздің Instagram қосымшаңызда жаңа функциялар әлі пайда болмаса, қосымшаны не телефон програмасына жаңарту процесін жүргізу керек деп кеңес береді.