Иран экономикасы ауқымды соғысқа төтеп бере ала ма?
Иран экономикасы ауқымды соғысқа төтеп бере ала ма? Санкцияларға қарамастан, Иран соңғы алты жылда өз тарихындағы кез келген уақыттағыдан көбірек мұнай экспорттап, 2023 жылы 35 миллиард доллардан астам табыс тапты. Мұнайдың 90%-дан астамы Қытайға жеткізіледі, мұнда Батыстың санкциялары Тегеранға азырақ әсер етуде. Бірақ Иран мұнай экспортына өте тәуелді. Алынған қаржыны билік әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға жұмсайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ-тағы экономист Джавад Салехи-Исфахани DW арнасына берген сұхбатында жақында инфляция шамамен 40% болды және геосаяси жағдайдың кез келген нашарлауы Иран валютасының айырбас бағамына қосымша қысым жасайды деп түсіндіреді.
Бұған қоса, орасан қаржы Тегерандағы шиит билігінің бақылауындағы ашық емес құрылымдарға түседі.
Бұл ретте 88 миллион халқы бар елде ЖІӨ деңгейі жоғары емес – 2022 жылы жан басына шаққанда 4043 доллардан (1990 жылы 10660 доллар болған).
Салыстыру үшін: халқы шамамен 10 есе аз Израильдің ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда $54,336 құрайды.
Иран жемқорлық деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 149-шы орында.
Иран билігі Батыстың санкцияларын айналып өтуді үйренгеніне қарамастан, олар қатты алаңдаулы, өйткені «мұнай экспортының инфрақұрылымына зиян келтіретін соғыс экономикаға ауыр соққы болады», бұл ұзақ әскери қақтығысқа дайын емес. – деді Исфахани.