Иран Трамптың Ормуз бұғазын ашу жөніндегі ультиматумына жауап берді
Иран Трамптың Ормуз бұғазын ашу жөніндегі ультиматумына жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тегеран АҚШ президенті Трамптың Иранның электр станцияларына соққы беру туралы қоқан-лоққысына реакция білдірді.
"Тағы да мәлімдейміз: егер қарсылас Иранның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасаса, біз Таяу Шығыстағы АҚШ-қа тиесілі барлық энергетикалық және ақпараттық нысандарға, сондай-ақ технологиялық орталықтар мен тұщыландыру қондырғыларына соққы жасаймыз", — делінген Иран Қарулы күштері Бас штабының мәлімдемесінде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: