Иран ядролық бағдарламасы бойынша Франция, Германия, Ұлыбританиямен келіссөз жүргізеді
Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Франция, Германия және Ұлыбританиямен келіссөздер жүргізеді. Кездесу 29 қарашада төрт елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтеді, деп таратты Иранның ISNA мемлекеттік агенттігі. Бұған дейін жапондық "Киодо" агенттігі кездесудің Женевада өтетінін және оған үш еуропалық елдің дипломаттарынан бөлек, Еуроодақ өкілдері де қатысатынын хабарлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Президент Масуд Пезешкян басқаратын Иран билігі қаңтарда Дональд Трамптың инаугурациясына дейін ядролық тығырықтан шығудың жолын іздеп жатыр, деп хабарлайды Reuters.
Иранның жоғары лауазымды шенеунігі келіссөздерге дайындықты растады: «Тегеран әрқашан ядролық мәселе дипломатиялық жолмен шешілуі керек деп санайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: