Иранға жаңа көшбасшы келді
Сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Көшбасшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Хадж Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының үшінші көшбасшысы етіп тағайындады”, – делінген хабарламада.
Заң бойынша жаңа Жоғарғы көшбасшы ер адам, дін қызметкері болуы керек. Сонымен қатар оның саяси тәжірибесі, жоғары моральдық беделі және Ислам Республикасына адалдығы болуы тиіс. Жаңа көшбасшыны тағайындағанда қаза тапқан көшбасшының кеңесі ескерілді: “Ел басшысын жаулары мақтаумауы керек, керісінше одан қорқып, жек көруі тиіс”.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: