Израильде Нетаньяхуға қатысты сот процесі қайта жалғасты
Израильде Нетаньяхуға қатысты сот процесі қайта жалғасты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Үш жылдан бері жалғасып келе жатқан сот процесі ХАМАС-тың Израильге жасаған лаңкестік әрекетінен кейін уақытша тоқтатылды. Енді тоқтата тұру мерзімі аяқталып, сот ісі қайта басталды.
Биньямин Нетаньяху алаяқтық, сенімге қиянат жасау және пара алды деп айыпталып отыр. Атап айтқанда, ол Байланыс министрі болған кезде Израильдің ірі телекоммуникациялық компаниясы Bezeq-тің мүддесін алға тартты деген күдікке ілінген.
Сонымен қатар, айыптаушы тараптың мәліметінше, 2007-2016 жылдары Израиль премьер-министрі, оның әйелі мен ұлы 700 мың шекельге жуық (174 мың еуро) тұратын сәнді сыйлықтар, оның ішінде зергерлік бұйым алған.
Пара алды деген айыппен Нетаньяху 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал алаяқтық және сенімге қиянат жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Премьер-министрдің өзі барлық айыпты жоққа шығарады.
2020 жылы Нетаньяхудың соты басталғанда, оған қарсы жаппай наразылық толқыны бүкіл Израильді қамтыған.