Әлем•24 наурыз 2026, 13:44

Колумбиядағы әскери ұшақ апаты: 60-тан астам адам қаза тапқан

Колумбиядағы әскери ұшақ апатынан 60-тан астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Колумбиядағы жергілікті Caracol телеарнасының мәліметінше, апатқа ұшыраған Hercules C-130 әскери-көлік ұшағының бортында 128 адам болған. Қарулы күштер 66 әскери қызметкер қаза тауып, 57 адам жарақат алғанын хабарлады.

Апат 2026 жылы 23 наурызда Путумайо провинциясындағы Пуэрто-Легуисамо қаласында болған. Оқиға кезінде бортта 117 жолаушы мен 11 экипаж мүшесі отырған. Ұшақ әскери қызметкерлерді тасымалдаған.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Колумбия Апат Ұшақ Адам
12 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары
12 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары
12 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар