КХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс пен көң толтырылған шарларды ұшырды
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс пен көң толтырылған шарларды ұшырды. Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының мәліметінше, екі ел шекарасынан 200-ге жуық әуе шары өткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олардың ішінде пластикалық бөтелке, батарея, аяқ киім бөлшектері және тіпті көң бар.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, әскерилер «тегжейлі талдау үшін заттарды жинап алды».
Бір күн бұрын Солтүстік Корея билігі оңтүстіктегі көршілеріне режимге қарсы үгіт-насихат парақшаларын таратқаны үшін жауап беруге ниетті екенін мәлімдеді.
Йонхап агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореядан қашқандар мен оңтүстіккореялық белсенділер жылдар бойы КХДР-ға Ким Чен Ын режимін сынайтын парақшалар салынған шарлар жіберген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: