Әлем6 мамыр 2024, 14:23

La Repubblica: НАТО Украинадағы соғысқа араласудың «қызыл сызықтарын» талқылайды

НАТО елдері «құпия және ресми байланыссыз» екі «қызыл сызықты» белгіледі, олардан кейін альянстың Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысқа тікелей араласуы мүмкін, деп жазады италиялық La Repubblica газеті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жарияланған материалға сәйкес, Украинаға әскери қызметкерлерді жіберудің жедел жоспары жоқ, бірақ Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан бері альянс мүшелері алғаш рет оны талқылап жатыр.

Және олар төтенше жағдайлар кезінде ықтимал тәуекелдерді бағалайды.

Бірінші «қызыл сызық» Ресей әскерлерінің Украина қорғанысын бұзып өту қаупімен және Украинаның қарулы күштері толықтай бақылай алмайтын шекараны Белоруссияның соғысқа қатысуымен байланысты, деп жазады басылым.

Екінші «қызыл сызық» - Ресей Федерациясының Балтық жағалауы елдеріне, Польшаға қарсы ықтимал арандатуы немесе «Молдавияға мақсатты шабуылы».

 

қызыл сызықтар НАТО Украина Соғыс

Тақырыпқа жаңалықтар